Жоба аясындағы тартысты жарыс

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 10-шы тамыз күні «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы аясында қалалық «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінде ұлттық ойын түрлерінен жарыс болып өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Шахизат Абдраманова, «Сырдария» балалар сауықтыру лагерінің директоры Гаухар Құдайбергенова, тәрбиешілер және 10-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
«Тиімді тілдік орта» ойын алаңының негізгі мақсаты балабақшаларда, мектептерде және жазғы демалыс лагерлерінде демалыспен ұштастырылған қазақ тілін оқыту алаңдары, ұлттық және спорттық ойындар, байқаулар мен викториналар ұйымдастыру болып табылады.
Лагерь басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бәйгеде мықтылар ғана оза шабатынын айтып өтті.
Тартысты өткен жарыста қатысушылар өз белсенділіктерін танытып, жігерліктерін көрсетті.  «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізіліп отырған ұлттық ойын алаңында үлгілі нәтиже көрсеткен 6 жеңімпаз марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 тамыз 2017 г. 497 0