
Департамент қызметкерлерімен қоғамдық ұйым өкілдерінің және медицина қызметкерлерінің қатысуымен қалалық №3 емханада «Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде сатып алулардың нәтижесі туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету кезінде, сатып алу барысында туындайтын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру басты міндет екендігі жете түсіндірілді. Кездесу соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, таратпа материалдары таратылды.