
«Қазанат» атшабарында қыз қуу, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардың көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылды.
Асық ату сайысына Астана қ., Маңғыстау және Қызылорда обл. 10 команда қатысты. Нәтижесінде
1-орын Астана қ. (№24 мктеп)
2- орын Қызылорда обл.
3-орын Астана қ.
Тоғызқұмалақ нәтижесі:
Қыздар арасында:
1-орын Гүлнара Базаралиева (Астана қ.)
2-орын Құндыз Есіркеп (Астана қ.)
3-орын Ұлдана Махамбетәмин (Қызылорда)
Ұлдар арасында:
1-орын Арыстан Манарбекұлы (Астана қ.)
2-орын Әлішер Танхаев (Астана қ.)
3-орын Ырыскелді Кенжебек (Қызылорда)
Қазақ күресінен өткен «Түйе палуандар» сайысына Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 17 палуан қатысып, үздіктер анықталды.
Қарағандылық Ержан Шынкеев «Түйе палуан» атанды. Екінші орынды Маңғыстау облысының палуаны Нұрдәулет Жарылғапов алса, үшінші орын астаналық Дәулет Бижановтың еншісінде болды.