
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Илья Ильинмен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.