СЫР ҚҰРЫЛЫСЫ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Құрылыс – ел экономикасын алға жылжытушы салалардың бірі. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде Сыр өңірінде құрылыс саласы қарқынды дамуда. Құрылыс саласының өркендеуін облыс орталығы Қызылорда қаласының құлашын кеңге жайып, көлемінің өсуінен, аудан орталықтарының, ауылдар мен елді мекендерге салынған әлеуметтік объектілер мен тұрғын үй құрылыстарынан, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жерлерді инженерлік жүйеге келтіру мақсатында атқарылған қыруар жұмыстардан, салынған жолдардан байқауға әбден болады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында құрылыс секторын дамытып, оның отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуы тиіс деп міндет қойып отыр. Құрылыс саласы бойынша жыл басынан әлеуметтік сала бойынша барлығы 55 әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 27 нысанның құры¬лысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланса, қал¬ған 28 нысан келесі жылға өтпелі. Биылғы жылы облыс көлемінде құрылысы жүргізіліп жатқан апаттық жағ¬дай¬дағы 12 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Осы жұмыстарды аяқтасақ, облыс бойынша апаттық мектептердің мәселесі толықтай шешімін табады.
Елбасы тапсырмасы бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асы¬рыла бастады. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы №922 қаулысымен бекітілген. Бағдар¬ламаның мақсаты халық үшін түрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғын үй бағдарламалары аясында Қызылорда қаласында 11 жаңа шағын аудан бой көтеріп, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда өңірде тұрғын үй құрылысының жоғары өсу қарқынын биыл да сақтап қалу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдар¬ламасы аясын¬да тұрғын үй құры¬лысы мен инженерлік-ком¬муникациялық ин¬фрବқұрылым желі¬лерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға жалпы ауданы141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұр¬ғын үйдің (1809) және 91 ша¬қы¬рымды құрайтын 13 инфрақұрылым жоба¬ларының құры¬лысы жүргізіліп, жыл со¬ңы¬на дейін пайдалануға берілетін болады.
Жарты жылдың қорытындысымен барлық қаржыландыру көздерінен 267,7 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жалпы ауданы 83,7 мың ш.м. құрайтын 19 көпқабатты тұрғын үй (980 пәтер) және 184,0 мың ш.м. болатын жеке тұрғын үйлер. Сонымен қатар, облыс орталығының сол жақ жағалауын игеру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспары¬ның негізінде қарастырылды.
2016 жылдың аяғында қаланың екі жағалауын байланыстыратын көпір (Ғ.Мұратбаев көшесін-дегі) пайдалануға беріліп, сол жағалаудағы құрылыс жұмыстарының басталуына оң ықпалын тигізді. Әзірленген жобаға сәйкес сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан тұрады. Бүгінгі күні аумағы 23,1 гектарды құрайтын аймақта 5 қабатты 18 тұрғын үйдің (778 пәтер), 320 орындық балабақшаның, «Жастар орталығы», «Мұражай» мен «Болашақ» университеті ғимара¬тының құрылыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың тамыз айында электр, газбен жабдықтау жүйелерінің құры¬лысын жүргізу жос¬парлануда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстарына рұқсат алынып, жыл аяғына дейін ауыз су және кәріз жүйесінің және 100 адамға кеңес беретін емханасы бар 200 төсектік көпсалалы ау¬рухананың ¬құры¬лысын жүргізу көз¬делуде. ¬Ау¬ру¬¬хана құры-лысы үшін сол жағалаудан  4,4 га жер те¬лімі бөлінді. Жобалау жұмыстарын үстіміздегі жыл¬дың қыркүйек айында аяқ¬тау жоспарлануда.
Облыс құрылыс¬шыларының биылғы межеленген биіктерден көрініп, алдағы уақытта да облысымыздың құрылыс саласын дамыту бағытында аянбай еңбек ететіндеріңізге сеніміміз мол. Олардың ішінде: «Промстройсервис-Е», «СМП-Қызылорда», «Абу-Сер», «Интегрострой», «Астана Сервис ЛТД», «Дәнекер құрылыс компаниясы», «Бақ-Береке» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қомақты үлестерін қосып келеді.
Құрметті Сыр өңірінің құры¬лысшылары! Сіздерді құрылыс¬шылардың кәсіптік төл мерекесі – «Құрылысшылар күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Сыр өңірінің сәулетін айшықтап, сымбатын арттырып, аймағымызға жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуға орасан зор үлес қосып жүрсіздер. Осы ауқымы үлкен саланы алға жылжытуда қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрсіздер.
Өздеріңіздің атсалысуларыңыз¬бен салынған құрылыстар қазіргі күні қалың жұртшылықтың игілігіне айналуда, әрі ел дәулетінің еселеп артуына тың күш пен қуат беруде. Алдағы уақытта да облысымыздың құрылыс саласын дамыту бағытында еселі еңбек ете беретіндеріңізге сенімдімін.
Қадірменді құрылысшылар! Сіздерді биылғы жылы 61-ші рет тойланып отырған кәсіби мерекелеріңізбен шынайы құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбастарыңызға ынтымақ пен бірлік, қызметтеріңізге абырой мен табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мұхамедиса ӘЛСЕРІКОВ,
облыстық құрылыс,
сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшысы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2017 г. 478 0