«Жарылғыш зат» қойылғаны жайлы хабарлаған азамат ұсталды

2017 жылдың 07 тамызында түнгі сағат 03.20 шамасында Қызылорда ҚІІБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына белгісіз бір азамат хабарласып, Панфилов көшесі бойындағы тұрғын үйді 2 дана газ баллонының және 7 дана гранатаның көмегімен жарып жіберетіндігін айтқан.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құралдары жұмылдырылып, толық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ.
Жедел іздестіру шаралары барысында «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған 37 жастағы азамат анықталып, Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тексеру кезінде аталған азаматтың жүйке аурулар емханасында есепте тұратыны белгілі болып, дәрігерлердің бақылауына берілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 521 0