«Сыр шежіресі» көрмесі ашылды

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері басталды. Шара «Қазанат» ипподромындағы этноауылда «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің көрмесімен ашылды.
Өңірдің тарихы мен мәдениетінен сыр шерткен көрмеде шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экпонаттары ұсынылған. Оған қоса, «Шығыс базары» жәрмеңкесінде 25 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өздерінің өнімдерін ұсынды. Қызылордалықтар мәдени күндерге лайықты тарту-таралғымен келді. Көрмеде сатылымға шығарылған қолөнер бұйымдары 10 күн бойы барша туристерге, қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді бағаға алуға болады.
Шеберлік сыныптарына қатысып, өз қолыңызбен бұйым жасағыңыз келсе 20 тамызға дейін Сыр қолөнер шеберлері сіздерді күтеді.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 851 0