Би атындағы республикалық турнир

Шиелі ауданы спорт кешенінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрметіне қазақ күресінен 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында Бала би атындағы республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің 10 облысынан 150 жас палуан келіп қатысты. Тур-нирдің ашылу салтанатында Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлесе, қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Әбдімәуленұлы және турнирдің бас демеушісі, облыстық мәслихат депутаты Темірхан Әлімқұлов өз лебіздерін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Турнир қортындысында жалпыкомандалық есепте І орынға Қызылорда облысының командасы тұрақтады. Ал, жүлделі екінші және үшінші орындарды  Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары өзара бөлісті. Жерлестеріміздің арасында шиелілік Нақберген Тоқбаев, Мұхит Шералиев пен Елдос Мырзағұлов, Ринат Айдархандардың кілем үстіндегі сайысына көрермендер риза болысты. Жүлдегерлерге алғыс хат  пен марапат сыйлықтары табыс етілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 490 0