Құрмет төрінде

Облыстық филармонияда Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шүленбаев, Қызылорда стансасы ІІЖБ бастығының орынбасары Ербол Абдраманов пен Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев қатысып, көлік жолының күре тамыры – теміржол саласының экономиканы дамытудағы қызметіне тоқталды. Ұлттық теміржол желісін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл күні қалтқысыз еңбегімен қол жеткізген жетістіктері үшін бірқатар теміржол саласы қызметкерлерінің кеуделеріне құрмет белгісі тағылып, алғыс хаттар табысталды.
– Сіздерге теміржол магистралінің қауіпсіз әрі барынша тиімді жұмысын қамтамасыз ету жүктелген. Бұл үлкен жауапкершілік. Осы ретте сіздерді құрметті теміржолшылар, сала ардагерлері төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Болат жолда тер төгіп, қозғалыс қауіпсіздігін еңсеру жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін, – деді Қ.Ысқақов.
Әрі қарай шара концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті өнерпаздардың ұйымдастыруымен өткен кеш барша жиналған қауымға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 455 0