
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қалалық Жұмыспен қамту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Қызылордада мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай жәрмеңке тұңғыш рет өткізілуде.
Бос орындар жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемлерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы 30 мекеме мен кәсіпорындардан 140 жұмыс орны ұсынылса, мемлекеттік органдар 137 бос орынды жәрмеңкеде ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысуға әлеуметтік жұмыс орындарынан 5 мекемеден, қоғамдық жұмыстан 4 мекемеден, «жастар тәжірибесі» бойынша 5 мекемеден ұсыныс түсті.