«Нұрлы жол» вокзалы миллионыншы жолаушыны қабылдады

«Нұрлы жол» вокзалы миллионыншы жолаушыны қабылдады, деп жазады 24 kz. Мұндай мәртебе Астана қаласының тұрғыны, теміржол саласының бұрынғы қызметкері Жүсіпек Шуринге бұйырды.
Отбасымен бірге жазғы демалысын Атырауда өткізу үшін жол жүрмек болған қарияны вокзал қызметкерлері құттықтады. Естелікке арнайы куәлік табыстады. Вокзал басшысының айтуынша, миллионыншы билетті сатып алған құрметті жолаушы электрондық жүйе арқылы анықталған. «Қуанып кеттік. Біріншіден бір түрлі болдық. Қазір көңіл-күйіміз жақсы. Ауылға демалысқа тойға бара жатырмыз», - дейді Гүлсара Шурина.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 тамыз 2017 г. 501 0