Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталды

Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер Ұлттық Ұланның және Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен бірігіп Кармақшы ауданы, Қуаңдария ауылдық округінен 8 км. қашықтықта есірткі заты өсіп тұрған алқапты анықтады, деп хабарлады облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 01 тамызында өсіруге заңмен тыйым салынған 2305 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатырған жерінен 37 жастағы, 34 жастағы және 33 жастағы үш қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, аталған өсімдіктің жалпы салмағы 461 кг.-ды құрайтындығы белгілі болды.
Сонымен қатар, аталған аумақтан ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар мен өзіне тән иісі бар жасыл түсті заттек салынған 2 қап анықталды. Анықталған шөптектес  затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде жалпы салмағы 3 кг. 939 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда, аталған үш азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі және 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Үш азамат та Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2017 г. 475 0