БАЛА БИ АТА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Өткен аптаның соңында Шиелі ауданы спорт кешенінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрметіне Қазақ күресінен 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында Бала би атындағы Республикалық турниріөтті. Жарысқа еліміздің 10 облысынан 150  жас палуан келіп қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Әщім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлесе, қазақ кұресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Әбдімәуленұлы және аталмыш турнирдің бас демеушісі, облыстық мәслихат депутаты Темірхан Әлімқұлов  өз лебіздерін білдіріп,жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Турнир қортындысында Жалпы командалық есепте І орынға Қызылорда облысының командасы тұрақтады, Ал, жүлделі екенші және үшінші орындарды  Жамбыл облысы мен Оңтүстік қвзақстан облыстарының командалары өзара бөлісті. Жерлестеріміздің арасында шиелілік Нақберген Тоқбаев, Мұхит Шералиев пен ЕлдосМырзағұлов, РинатАйдархандардың кілем үстіндегі сайысына көрермендер риза болысты. Жүлдегерлерге алғыс хат  пен марапат сыйлықтары табыс етілді.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2017 г. 563 0