
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Қазақстанның қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз 6-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және аса күтіледі. 7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және аса күтіледі.