Арал аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық орталық мешітте өңірлік молдалардың білімін жетілдіру мақсатында бір айлық оқыту семинар өткізілуде. Семинардың ашылу рәсімінде облыстық діни істері басқармасының басшысы Бақытжан Камалов бұл шара аймақ басшысының тапсырмасы аясында іске асып жатқанын айтып өтті.
Имамдарға дәріс беруге «Нұр Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің магистранты Ахан Асанов арнайы шақырылған.
Аталмыш шарада Арал ауданының қарасты барлық молдалары білімдерін жетілдіретін болады. Оқыту сабақтары 31 қазанға дейін елді мекендерде жалғасын табады деп күтілуде. Сонымен қатар, дәрісте теріс ағымдардың зияндылығы, Ислам ақидасы, Шариғат үкімдері, Құран Кәрім және ислам тарихы жайлы мол мағлұмат алады.