Головкиннің бапкері оның бокстан қашан кететінін айтты

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкірті бокстан қашан кететінін және оның болашақ қарсыластары туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Головкин 35 жасқа келіп қалды. Спортта тағы 3-4 жыл жүреді деп ойлаймын. Егер Геннадий «Канелоны» жеңсе, Сондерспен кездеседі. Онда бізге қажетті титул бар. Алдымен Вилли Монро Биллимен қалай жұдырықтасатынын көрейік», - деді бапкер Dontae’s Boxing Nation-ға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Дэниэл Джейкобс орта салмақтағы екінші мықты боксшы болып қала береді.
«Жоспарды орындағаннан кейін онымен тағы да жекпе-жек өткізуіміз мүмкін. Біз үшін келесі қадам Сондерс немесе Монро болады. Ал (Джермалл) Чарло деген кім? Ол GGG-мен жұдырықтасуға лайық емес, ал Джейкобс Сондерспен кездесуге еңбек сіңірді», - деп түсіндеді Санчес.
Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегасте өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 тамыз 2017 г. 720 0