Қызылордада 50 жоба қолдау тапты

2017 жылдың 6 айында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиеге 50 шағын және орта бизнес субъектілері қол жеткізді. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында пайыздық үстемені субсидиялау құралы арқылы жеңілдікпен жүзеге асқан жобалардың саны 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 58% артқан. Жалпы сомасы 1,9 млрд теңге көлемінде несие беріліп, кәсіпкергенесиесін өтеудің ауыртпалығын жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан үстеме пайызы субсидиялануда.Мемлекет есебінен төленген субсидияның сомасы бірінші жарты жылдықта 374 млн.теңгені құрап отыр.
Банкте кепілмүлкі қажеттілігі кезінде кепілдендіру құралынпайдаланылатын жобалар саны 4 есеге көбейді. «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру құралының көмегімен кәсіпкерлердің кепілмүлкінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар.
Аймақта шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша ең белсенділер қатарында: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит»АҚкөрінуде. Салалар бойынша қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, транспорт және қойма қызметі, тұрғын үй мен тамақтану бағыттарында жүзеге асырылуда.
«Даму» Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында2017 жылдың бірінші жарты жылдығына 2564әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкерлер қызметтерге жүгінді. Қор кеңесшілерімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 38жобасы қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 68 адам ресми түрде өз бизнесін тіркеді.
«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасы аясында бизнес құру мен дамытуды мақсат еткен 73қатысушы оқудан өтті, оның ішінде 19 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелді. Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік құзыреті деңгейін көтеруге бағытталған «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» жобасы бойынша «Назарбаев Университеті» АҚ базасының бизнестің Жоғары мектебінде 9 кәсіпкер оқудан өтті.
Жыл басынан бері «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 17 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына «Даму» Қорының Қызылордалық филиалы тарапынан «Өзгерістерге ұмтылыс» атты бірінші мүгедектігі бар кәсіпкерлердің облыстық форумы ұйымдастырылды. Форумаясындамүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қолынан шыққан өнімдер мен көрсететін қызметтер ұсынылған көрме өтті. Көрмеде 20-аса компанияестелік сыйлықтардан құрылыс материалдарына дейінгі түрлі тауарларын назарға ұсынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 тамыз 2017 г. 521 0