Халық сақтандыру жарнасы төленген-төленбегенін қалай біледі?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру полисі берілмейді. Азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуі тиіс. Яғни, болашақта міндетті сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын жарна төлеген азаматтар пайдалана алады деген сөз.
Азаматтың жарнасы бар-жоғын электронды мәліметтер базасы арқылы ЖСН көмегімен анықтауға болады.
Денсаулық сақтау жүйесінде мұның бәрін іске асырып, тексеріп отыратын ақпараттық жүйелер бар. Қазір министрлік осыны әрі қарай жетілдіру жұмыстарымен айналысып жатыр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу халыққа ауыр болмас үшін және медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында сәуір айының басында азаматтарды емханаға тіркеу науқаны басталған болатын. «Емханаға тіркел де, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңді анықта!» деген тақырыпта өтіп жатқан шара 2017 жылдың 31-маусымына дейін жалғасын табады. Кампания барысында халыққа жаңа жүйені жан-жақты таныстыру, жарнаны кім қашан, қалай төлейтінін, жүйе шеңберінде қандай медициналық көмек көрсетілетінін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жергілікті жерлерде учаскелік желі қызметкерлері үйді үйді аралап, емханаға тіркелмеген, уақытша және тұрақты тіркеуі жоқ тұрғындарды анықтаумен айналысып жатыр. Яғни, науқан шеңберінде тіркелген тұрғындарды қайта есепке алып, тіркеуі жоқтарды тұрғылықты аймағы бойынша емханаға тіркеу бағытында қыруар шаруа атқарылып жатыр деуге болады.
Алаш айнасы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 тамыз 2017 г. 574 0