Ғалымдар лицей оқушыларының сапалы білім алуына көмектеседі

Ғалымдар лицей оқушыларының сапалы білім алуына көмектеседі Жаңақорған. Қорқыт-ата атындағы ҚМУ-нің «Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының» директоры, физика және математика кафедрасының доценті, жоба жетекшісі З.Сейлова бастаған бір топ сала ғалымдары кент орталығындағы №110 мектеп-лицейі шәкірттерінің озық үлгідегі сапалы білім алуына жұмыс жасайтын болады. 
 «Дүйсенбіден басталған дәріске, оқушылар дән риза. Бұл білім ошағы мұндай мүмкіндікке аудан әкімінің қолдауымен аудандық бюджеттен бөлінген 1500 сағат лицей шәкірттерінің тереңдетіліп сапалы білім алуына бөлінген қаржының есебінен ие болып отыр. 
Айта кетейік, ендігі кезекте құрамында профессор дәрежесі бар жоба орындаушылары әр айда бір апта бойы оқушыларды қабілеттеріне қарай 5 пән бойынша олимпиадаларға, ҰБТ-ға және ғылыми жұмыстарға машықтайтын болады» дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2014 г. 1 368 0