
Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясы өтті.
Алдымен аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі М. Оразбаев баяндама жасады. Аудан басшысы ауданда атқарылған ауқымды істер мен алға қойылған міндеттерді баяндады.
Күн тәртібіне қойылған кезекті мәселе бойынша аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының есебін қарау және оның қызметін бағалау туралы аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы. Ә.Үмбеталиев хабарлады.
Жиын барысында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Жеткерұлы «2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының №55 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тоқталды.
Сонымен қатар, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы және жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру, әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ. Тоғысова баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың 2017 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары туралы аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов хабарлама жасады. Сессия соңында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып №12 Рысқұлов сайлау округінің депутаты Т. Бисембаев сайланды.