Күйік шалған аспаз ауруханаға жеткізілді.

 Күйік шалған аспаз ауруханаға жеткізілді. Шиелі. Аудан орталығындағы Байтұрсынов көшесі бойында орын тепкен «Айдәулет» кафесінде өрт шықты. Жалын құшағы демнің арасында-ақ ғимаратты жайылды.
 Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндірушілері оқиға орнына жетіп, екі қабатты ғимараттағы жалынды дереу тұншықтыруға кірісті. Оған осы саланың 27 маманы мен 4 техникасы қатыстырылды. Өрт 90 шаршы метрді шарпып үлгерген. Күйік алуына байланысты кафенің аспазы болып істейтін 47 жастағы азаматша ауруханаға жеткізілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қаңтар 2014 г. 839 0