
Тек 3,7 млрд адам ғана энергияны тұрақты тұтынады. Ал Қарақұрлықта бұл көрсеткіш өте төмен. Жер қойнауы таусылса, баламалы энергия көздері – ұзақ мерзімді ресурс. ЕХРО аумағындағы тақырыптық павильондардың көздегені – баламалы қуат көздерінің тиімділігін арттыру. Көрменің тақырыптық павильондары – көрменің маңызды бөлігі. Халықаралық шараның тақырыбын ашу да үлкен өнер. Сондықтан шараның маңызын түсіну үшін мұнда келу шарт.
Елдос Совет, тақырыптық павильонның қызметкері: –Тақырыптық павильонның негізгі символы – интерактивтік кілт. Бұл интерактивтік кілтте су, жел және күн. Олар альтернативті энергия көздері. Бұл кілттерді біз бірінші зонада, бірінші бөлімде арнаулы медиа үстелдерге қою арқылы мұнайдың қанша жылға жететіні жайлы көптеген ақпараттар ала аламыз. Мұнай 60 жылдан кейін таусылу ықтималдығы бар. Ал көмір 52 жылдан кейін таусылады. Алюминий мысалы бізде 110 жылдан кейін таусылуы мүмкін. Қазба байлықтары мәңгілік емес. Ал баламалы энергия – сарқылмас қуат көзі. Экономикаға тиімді. Шығын аз. Қолжетімді. Оның көздерін табу ең алдымен, әлемдегі экологиялық апат қаупін азайтуға сеп. Жер бетінде 7 млрд-қа жуық адам болса, соның тең жартысы ғана энергияны толық пайланады екен.
Елдос Совет, тақырыптық павильонның қызметкері: –Картада біз әрбір құрлықтың энергия қолдану мөлшерін көреміз. Ондағы қызыл түстер мен цилиндрдегі қызыл түстер бұл жердегі энергияның қолдану мөлшерін көрсетеді. Ал цилиндрдің үлкендігі мұндағы халық санын көрсетеді. Картаға үңілсек, қарақұрлықты энергиямен қамтамасыз ету көлемі өте төмен. Сондықтан баламалы энергияның игілігін игеретін кез жетті. Күннің жылуына тамақ пісіретін құрылғы қыш арқылы жасалған Мозер шамы әлемде кеңінен танымал. Оны жасау әдісі өте қарапайым. Яғни күнделікті өмірде тұтынып жүрген пластикалық бөтелкенің ішіне су құйып, оған кір жуатын ағартқышты араластырады. Содан кейін шатырдың төбесін тесіп, әр шөлмекті орналастырып шығады. Күннен алған энергия арқылы шағылысып, осы арқылы бөлмеге жарық пайда болады. Энергияны тиімді жұмсау – әр адамның міндеті. Ғаламдық экологияны шешуге кез келгеніміз ықпал жасай аламыз. Оған болашаққа саяхатта куә боласыз. Жалпы адамзат баласы жердің сақталуына, жердегі алынатын әр энергияға жауапты. Сондықтан бұл залда жүрек жердің үлкен көлемі ретінде көрсетілген. Яғни әр соққан қозғалыс адамдардың энергияны сақтауда, қоршаған ортаны аялаудағы әр қимылы осы жүректің қағысы арқылы берілген. Табиғи ресурстар таусылса, жер беті қалай өзгереді? Әлсіреген жүректі тек баламалы энергия көздері ғана қалпына келтіре алады. Жер қойнауы түгесілсе, жел, су және күннен алынатын энергияның әлеуеті зор. Өйткені олар – ұзақ мерзімді ресурс.
www.khabar.kz