
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен дүниежүзіне белгілі опера әншісі Пласидо Доминго «ЭКСПО-2017» көрмесінде болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Опера әншісі Пласидо Доминго ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге көрмені аралады. Ол Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықарарлық көрмеге деген үлкен қызығушылығын танытты.
Естеріңізге сала кетейік, Пласидо Доминго Астанаға 22 шілдеде келді. 24 - 29 шілде аралығында «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» театрында «Опералия Пласидо Доминго» жас опера әншілерінің байқауы өтті.
Еске сала кетейік, 1 және 3 тамызда «Астана Опера» театры сахнасында әйгілі майталман Дж. Вердидің «Травиата» спектаклінде Жоржа Жермон партиясын орындайды.