
Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск өзінің твиттеріндегі парақшасында Teska Model 3 көлігінің шығару үшін қажетті қағаз жұмыстарының аяқталғанын жазды.
Қазірдің өзінде құны 35 мың доллар болатын үшінші модельді Теслаға 400 мың адам тапсырыс беріп үлгерген. Айта кетерлігі, тапсырыс берушілердің ішінде кемінде 5 қазақстандық азаматтың да бар екені айтылады.
Ертеректе де хабарланғандай, артқы тарқышты көлік толық қуатымен 344 шақырымға дейін жүре алады және 5,6 секундта 97 км/сағатқа дейін алады.
Көліктің алғашқы 30 данасы шілде айында тұтынушыларға жетсе, желтоқсанда өндіріс айына 20 мыңға дейін жеткізілмек.