Бір күнде 2 автокөлік ұрлаған жігіт ұсталды

2017 жылдың 14 шілдесінде сағат 11.50 шамасында қала тұрғыны үйінің ауласында тұрған «Opel Vectra» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің кілтті іріктеу арқылы ашып, белгісіз бағытқа айдап кеткені жайлы арызданған, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында аталған азамат 14 шілдеге қараған түні Қызылжарма ауылы тұрғынының автокөлігін де жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденгені анықталды. Әккі ұры түнгі мезгілде көлік құралының қоршалмаған үйдің ауласында қараусыз қалғанын оңтайлы пайдаланған.
Қазіргі таңда күдікті қамаққа алынды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егер де күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда тиісті шара қолданылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2017 г. 594 0