
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2-3 тамызда, 4 тамыз түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, 3 тамызда екпіні 25 м/с жел күтіледі. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы