
Облыста тоғыз жыл қатарынан дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қырқүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Шаризат Алмашова басқарма тарапынан 40-50 балаға демеушілік жасайтындарын жеткізді. Қазірде шараға мемлекеттік органдарды, бизнес құрылымдарды және үкімет емес ұйымдарды акцияға тарту үшін оларға тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар туралы мәліметтер жіберілуде Сондай-ақ ОІІД-ның жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Раушан Әбдразақова «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.