
РФ Хабаровск өлкесінің Николаевский ауданынан 10,3 келі саф алтын табылды, деп хабарлады өңірдің табиғат ресурстары министрлігі.
«10,3 келі салмақтағы алтынды «Заря» алтын іздеушілер артелінде тау жыныстары үйінділерін тегістеп жатқан бульдозер машинисі тауып алды», – делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ, хабарламада алтынның Хабаровск өңірі аумағынан осы уақытқа дейін табылған алтындардың ішіндегі ең ірісі екендігі айтылған. Бұған дейін «Восток» алтын іздеушілер артелінен табылған 7,5 келі алтын ең ірі деп есептелген еді.
inform.kz