
Американың психология мамандары ұялшақтық адамның кемшілігі болғанымен, оның да көптеген тиімділігі мен артықшылығы бар деп есептейді.
Ұялшақ адамдар зерек келеді. Өйткені, әдетте олар аз сөйлеп, көп тыңдайтын, көп әрекеттеніп, көп ой жүгіртетіндіктен, қағілез келеді дейді. Ұялшақ адамдар сенімді болады. Көптеген адамдар ұялшақ адамдарға сенім артады екен. Өйткені, олар басқа біреуді жамандап, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» етіп сөйлемейді. Ұялшақ адамдар басқалармен селбесе алады. Өйткені, олар топтық ортада өзін көрсетуді жақсы көрмейді де, басқалардың қамын жейді. Ұялшақ әйел заты баурағыш келеді. Өйктені олардың мінезі жайсаң болып, артық жағымсыз мінезі болмайды. Сонымен қатар көптеген ұялшақ адамдардың алған тәрбиесі мол болып, кітап оқу мен естелік алуға әуес келеді. Ұялшақ адамдар басқаларды қадірлеп, түсіне біледі. Әңгімелесу барысында олар мұқияттылықпен сізді тыңдап, сөзіңізді бөлмейді. Ұялшақ адамдар жанкүйер сырлас досыңыз бола алады. Қарсы жағы сенімді, адал болғанда, сізге бар ниетімен көмектесіп, достықты қорғау үшін құлшынады. Ал психологиялық санаққа негізделгенде ұялшақ адамдардың некесі әлдеқайда тұрақты болады екен. Өйткені олар күйеуіне (әйеліне), отбасына көңіл бөліп, аялай біледі дейді.
massaget.kz