Арал. Ауданда өткен жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарға сүйенсек, бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы республикалық бюджеттен 6 жобаға 532,7 млн. теңге қаржы қаралыған. Соның нәтижесінде 90 адам жұмыспен қамтылды.