Алтай тауларынан тағы бір Алтын адам табылды

Бұл туралы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы өзінің Facebook-тағы жеке парақшасында хабарлады. 
«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», – деп жазды Б.Әбдіғалиұлы.
www.24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2017 г. 679 0