Соңғы бір аптада ЭКСПО-ға 310 мыңға жуық қонақ келді

24-30 шілде күндері аралығында ЭКСПО қалашығына 309 мың 832 қонақ келген. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Халықаралық көрме күніне 44 мың 261 мейманды қабылдап отыр. Бұл маусым айындағы көрсеткіштен екі есе көп. Ал ауқымды шараның шымылдығы ашылғалы бері келушілердің жалпы саны 1 млн 794 мың 132 адамға жетіп отыр. Қонақтардың жиі баратын кешендердің тізімінде Ұлттық павильонымыз – «Нұр Әлем» көш бастап келеді. Соңғы орындарда «Африка Плаза», Египет және Үндістан павильоны тұр.
24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2017 г. 657 0