«ҚАЙСАР» ЖЕТІНШІ ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ

Қызылордалық «Қайсар» өткен сенбіде Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездесіп, 3:1 есебімен есе жіберіп қайтты. Сыр клубының осы ойыннан кейін кестедегі орны өзгеріп, алдыңғы алтылықтан шығып қалды.
Алтыншы орында ұзақ уақыт тұрақтаған «Қайсар» бір саты төмен сырғыды. Оған себеп те жоқ емес. Екінші айналымда бар болғаны тоғыз ұпай еншіледі. Екінші айналымда екі жеңіс, үш тең ойын және алты рет қарсыласына есе жіберді. Осылайша өзінен кейін келе жатқан «Таразды» алдына жіберіп алды. Жергілікті клуб келесі айналымда көбірек ұпай жинамаса, маусым басындағы үздік алтылықта болу деген мақсат құр арман болып қалмақ.
Енді «Оқжетпеспен» өткен ойынға ойыссақ. Қарсылас команда бірінші таймда-ақ екі гол соқты. Біріншісін қорғаушы Марочкин, екіншісін орталық ойыншы Волков енгізді. Екінші таймда «Қайсар» сапынан Курьор есепті қысқартқанымен, қарсыластар тағы бір гол соғып матчтың нүктесін қойды. Осы ойында жергілікті команда капитаны Мақсат Байжанов небәрі екі минут ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. «Оқжетпес» оныншы орынға тұрақтап, бірінші лигаға түсіп қалу қаупінен құтылды.
Осы орайда қос команда жайлы статистикаларға көз жүгіртсек. «Оқжетпес» ел біріншілігіндегі өз қақпасына ең көп гол жіберген командалардың қатарында. Сондай-ақ, екі клуб ең аз гол соғатын ұжым ретінде танылған.
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 тамыз 2017 г. 696 0