ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ БАСЫ ӨСIП КЕЛЕДI

ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ БАСЫ ӨСIП КЕЛЕДIҚызылорда қаласында «Сыбаға» бағдарламасы өз деңгейінде орындалуда. Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қуанышбек Ахметов хабарлады.
Өткен жылдың қорытындысымен шаруашылықтарға мал басын толықтыруға, күтуге, селекциялық және өзге де жұмыстарды жүргізуге 22 млн. 913 мың теңге субсидия берілген. Одан өзге қала аумағындағы 7 шаруа қожалық үстіміздегі жылдың 8 айында 13 бас асыл тұқымды бұқа мен 184 бас аналық сиыр сатып алған. Бүгінде алынған мал басына жұмсалған шығындарға да субсидиялар төленуде. Нәтижесінде биылғы жылдың 8 айының өзінде қала аумағындағы мал өсірумен айналысып жатқан шаруа қожалықтарына барлығы 20 млн.155 мың теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2013 г. 1 047 0