Қызылорда қаласының жастары Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауды насихаттауда тың тәсілге көшті.
Атап айтқанда, қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының белсенді мүшелері сенбі күні халық көп шоғырланған сауда нысандары: «Сыбаға», «Атамекен», «Жібек жолы», «Small» сауда орталықтарында қала тұрғындарына насихаттық брошюра таратты. Брошюрада «Жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін 10 ілкімді идея», Қазақстан – 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың 7 бағытын насихаттайтын «Әр түстің мағынасын біле жүріңіз» деген сынды ақпараттар енгізілген. Жалпы бұл күні 700-ге жуық ақпараттық брошюра халыққа ұсынылды. Қала тұрғындары жастардың бұл бастамасын қуана қарсы алып, алғыстарын білдірді.