Биыл Ақайда мектеп пен балабақша салынады

Биыл Ақайда мектеп пен балабақша салынады  Бүгін, 25 қаңтарда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың солтүстік аудандардағы жұмыс сапары сенбі күні Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында жалғасты. Облыс әкімімен бірге Қазақстанның Еңбек Ерлері Юрий Пя және Абзал Ералиев болды. Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында жолға шыққан топ аудан активімен кездесті. 
Облыс әкімі бастаған топ Байқоңыр қаласынан соң Ақай ауылындағы мәдениет үйінде Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, Елбасының биылғы Жолдауын талқылады. Ақай ауылдық округтің әкімі Райхан Байшораеваның айтуынша, ғарышты қаланың іргесінде орын тепкен елді мекендерде соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Аталған кент пен ауылда халық саны өскен сайын әлеуметтік нысандар қатарының көбеюі заңдылық. Мәслен, осы ауылда биыл 600 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша салынады. Көптен жыр болып келе жатқан ауыз су мәселесі де оңтайлы шешілмек. 
Ең бастысы, 2013 жылы 12 қараша күні екі ел Президенттерінің қатысуымен  Екатеринбург қаласында өткен өңіраралық ынтымақтастық форумында Байқоңыр қаласын Ресей тарапымен бірігіп пайдалану туралы келісім жасалды. Ал, жыл соңында Мәскеуде осы  "Жол картасын” бірлесіп жүзеге асыру туралы құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар, "Байқоңыр” ғарыш кешені "ЭКСПО-2017” бүкіләлемдік көрмесіне келетін меймандардың назарына ұсынылатын нысандардың қатарына қосылғаны мәлім. 
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев ұлы жолдың бойындағы Қорқыт ата мемориалдық ескерткішіне арнайылап соқты. Мәдени-рухани нысанның да "ЭКСПО-2017” бүкіләлемдік көрмесіне келетін меймандардың назарына ұынылып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Осы күні Қорқыт баба ескерткішінің жанынан салынған "Зиярат ету орталығының” ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада сөз алған Қ.Көшербаев Қорқыт ата ескерткішінің алдағы көктемнен бастап қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін, мұның Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Одан кейін аудандық сот әкімшілігі ғимаратының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев аудандық мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен жүздесті. Актив жиынында Ел Президентінің кешегі Жолдауы, онан туындайтын міндеттер талқыланды. Өңір жетекшісі жұртшылық алдында алдағы 2-2,5 жыл ішінде облыс елді мекендерінің негізгі бөлігі көгілдір отынның игілігін көретінін, осы ауданда сұйытылған табиғи газ зауытының құрылысы басталатын жеткізіп, тұрғындарды қуантты. 
Ақжар ауылындағы 150 орындық клубтың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі бастаған мәртебелі меймандар ІІІ-Интернационал ауылына ат басын тіреді.Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хактың ауыл орталығындағы мұражайын тамашалап, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін ауыл халқымен кездесу өтті. Онда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолынан еліміздің ең жоғары наградасын алған қос Еңбек Ері Юрий Пя мен Абзал Ералиев Елбасының бастамасымен елімізде облысымызда жүзеге асырылып жатқан игі істерді тарқатты. Атақты кардиохирург  Юрий Владимирұлы туған топараққа 43 жылдан кейін табаны тиіп тұрғанын, сондықтан да атасы мен әжесінің, анасының көзін көрген жерлестерімен кездескеніне қуанышты екендігін жеткізді. 

Биыл Ақайда мектеп пен балабақша салынады

 

Биыл Ақайда мектеп пен балабақша салынады


Биыл Ақайда мектеп пен балабақша салынады

 

 


Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2014 г. 1 335 0