Қызылорда облысындағы су айдындарындағы қайғылы жағдайлар

Қызылорда облысымыздың су айдындарында 17 адам, оның ішінде 4-уі бала (5 жағдай балық аулау кезінде, 12 жағдайсуға шомылу кезінде) суға батып кеткен. Бір мезетте екі адам қаза болу фактілері де орын алған.
Ауарайының күрт ысуына байланысты су айдындарында адамдардың шомылу саны көбейді. Олардың белгіленбеген жерлерде суға түсу фактілері орын алуда. Яғни, Департамент және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген рейдтерде облыс бойынша суға шомылу маусымы басынан «Ортақ су пайдалану қағидаларын» бұзғаны үшін 43 жеке тұлға ҚР ӘҚБтК 364 б. 1 т. 1) т. сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс көлемінде суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы болып отыр.

Суда шомылудың қауіпсіздік шараларын сақтайық:

- суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;

- су температурасы +16 °С төмен жағдайда суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;

- су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;

- суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, су түбі тегіс немесе топырақты жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;

- белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;

- кемеге жақын жүзуге болмайды;

- тайыз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;

- қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;

- күнге қыздырынғаннан кейін немемсе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;

- дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;

- қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есен жоғалтуы мүмкін.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры А.Сермағамбетова
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2017 г. 602 0