АЯҚ МҮШЕСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

Аяқтың кішкенесі де, үлкені де жаман. Екеуі де қиындық тудырады. Өйткені өзіңізге дәл келетін, көңіліңізден шығатын аяқкиім таба қою — өте қиын. Дүкендерде сізге лайықтысы табыла қоймас, сондықтан базарларды аралауға тура келеді. Себебі, базарда таңдау мүмкіндігі мол. Әсіресе, Қытайдан келетін аяқкиімнің арасынан ең үлкен көлемдегісін қиналмай таба аласыз. Тапсырыспен тіктіру қымбатқа түседі.
Мәселен, Ұлыбританияда Мэнди Селларс деген әйелдің аяғынан адам түгілі албасты да қорқады. Ұдайы тоқтаусыз өсіп келе жатқан аяқтың күні ертең не болары белгісіз. Аяқ көлемінің өзгеруі ол дүниеге келген  1975 жылдан басталған.  «Бұл сырқаттың бір түрі» деген дәрігерлер  балақайдың ұзақ өмір сүретіндігіне де күмәнмен қараған. Алайда қыз тірі әрі жақсы өмір сүріп келеді. Кемшілігі — аяғының үздіксіз өскені. Менди 35 жасқа толғанда аяғының табан сүйегі 40 сантиметрге жетеді. Жіліншігінің  ұзындығы  90 сантиметрді құрайды. Үлкендігі өз алдына, оның аяқ формасының өзгеруі жүріп-тұруға қиындық тудырады. Есесіне денесінің өзге бөлігінде еш өзгеріс болмаған. «Протей синдромы» деп аталатын бұл дертті «Піл ауруы» дейтіндер де бар.  Протей – ертедегі гректердің пантеон құдайы. Аңызға қарағанда ол дене мүшесін амалсыз үлкейтеді. Осы дертке ұшырағандардың сүйегі, органдары, терісі өседі, тіпті тері ісігі мен тамырлардың үлкеюі де қалыпты жағдай. Мұндай аурудан зардап шеккендер әлемде жүздеп саналады.
Тағы бір мысал: Жоғарыдағыдай диагнозды алғаш ашқан Майкл Коэн  ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары екі жүзге жуық науқасты анықтаған.  Мэнди Селларс — солардың бірі де бірегейі. Дауасы жоқ дерт адамды өлім халіне апарады. Мэндидің жасы қырыққа келсе де аяғының өсуі өміріне қауіп төндірумен келеді. Бұл оның жүрегін, ішкі органдарды зақымдайды, жүйкесін тоздырады. Медицина тек екі аяқты кесу арқылы ғана көмектесе алады.
Аяғы үлкен ерлер арасында Мэнди Карл Гриффитс көш бастап тұр. Ол кез келген дүкеннен 63-көлемдегі аяқкиім таба алмайды. Бозбала спортпен айналысады. Сол себепті оған арнайы тігілген кроссовканы жиі ауыстыруға тура келеді.  Бойының ұзындығына орай киім табу соншалықты қиын емес. Бұл ерекшелігі үшін ол ел алдына шығудан да ұялады. 56-мөлшердегі аяқкиім оны өзгелерден қатты ерекшелейді.
Тағы бір азамат — Карл Гриффитс және Францияда тұратын  мароккалық  Брагим Такиулла 58-мөлшердегі аяқкиім киеді. Оның бойында «Піл дерті» болмағанымен, ол «акромегалия» деген ауруға ұшыраған. Бұл аяқтың алдыңғы бөлігінің өсуі. Акромегалия ересек кісілерде аяқты үздіксіз өсіреді.  Ол тіпті адамның бет әлпетінің өзгеруіне де ықпал етеді.  Дәрігерлер мұны гормонның бұзылуынан деп түсіндіреді. Осы ауру балаларды үздіксіз өсірсе, ересектерді акромегалиюға ұшыратады. Ол асқынған жағдайда ота жасауға тура келеді.
Аяғы үлкен азаматтардың бірі — Брагима. Гиннестің рекордтар кітабына енген ол 1940 жылы дүниеден өткен. Роберт Уодл адамзат тарихындағы аяғы ең ұзын адам ретінде аты қалды. Оның бойы —  2 метр 72 сантиметр, аяғына 76-мөлшердегі аяқкиім киетін болған. 2009 жылы Дэйли Мэйл жариялаған сұхбатта Ұлыбританияда әйелдер арасында 19 жастағы Эмма Кэхилл есімді оқушының  50 размерлі аяқкиім киетіндігін айтады.
Осы секілді сан түрлі әңгіме де, мысал да көп. Алайда бұл жағдайлар жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан аяқта өзгеріс байқалысымен дәрігерлерге қаралап, тиісті кеңес пен нақты көмек алу қажет.
Дереккөз: Айқын газеті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2017 г. 1 080 0