Италия ғалымдары бактериядан қозғалтқыш жасап шығарды

Италиялық ғалымдар ойлап тапқан жаңа құрылғының мөлшері небары 50-ақ микронға тең. Нанотехнологиялар институтының мамандары бактерияның суда жүзу мүмкіндігін пайданала отырып, оны гендік модификациядан өткізді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. 
1 жасушалы ағзалар шеңберді минутына 2 рет айнала алады. Ғалымдар бұл процесті жарық арқылы бақылауды үйренген. Кішігірім қозғалтқыш жарық сәулесі түскенде жылжиды, ал түнде тоқтайды. 
Жоба жетекшісі физик Роберто Ди Леонардоның пікірінше, келешекте бактериялық қозғалтқыштың жұмысын компьютерге бағындырып, автоматтандыруға болады. 
«Біз бактериялық қозғалтқыштың ең жоғары жылдамдығына қол жеткіздік. 1 жасушалы ағзалар дөңгелекті одан асқан жылдамдықпен итере алмайды. Олардың әрекеттерін қадағалап отырамыз. Сондықтан біз ойлап тапқан технология қолданысқа өте тиімді. Менің ойымша, біз микророботтар саласын дамытуда үлкен қадам жасадық», - дейді Италияның Ұлттық зерттеу кеңесі нанотехнологиялар институтының физигі Роберто Ди Леонардо.


Дереккөз inform.kz 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2017 г. 458 0