«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 25 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы