Киногерлер кастингке жасанды кірпіксіз келуді сұрады

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымына кастинг жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Сериалдың режиссері - Рүстем Әбдірашов. 
Кастинг талаптары бойынша оған 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар, 18 бен 80 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар қатыса алады. «Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз», делінген хабарламада. 
Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін жүреді.


Дереккөз inform.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 шілде 2017 г. 570 0