Жаңақорған. Өткен жылы аудандық соттың өндірісіне барлығы 114 қылмыстық, 749 азаматтық және 865 әкімшілік істер келіп түскен. Бұл жайында ауданлық соттың төрағасы міндетін атқарушы Абай Бекботаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Сондай-ақ, ауданда «Медиация туралы» заңды кеңінен қолдануды түсіндіру мақсатында тиісті іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта құқық қорғау органдары, жергілікті аудан және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшыларының қатысуымен тиісті іс-шаралар ұйымдастырылады.