Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттың 2050 жылға дейінгі саяси бағытын айқындайтын басым мақсаттар мен міндеттерді белгілеп берді.
Сонымен бірге, Елбасы мемлекеттік қыз¬меттер көрсету сапасын арттыруға да ерекше назар аударып, мемлекеттік аппараттың халықпен қарым-қатынасында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуді қатаң тапсырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адам¬ның тіршілік әрекетінің барлық саласы мен кезеңін қамтиды. Азамат дүниеге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі. Осылайша туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылса, есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын, білім және медициналық қызмет көрсетуді алады, кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат құжаттарын рәсім¬дейді және т.б.
Расында, қазіргі кезде мемлекеттік көр¬сетілетін қызметтерге сұраныс күннен күнге жоғарылап келеді. Бұл орайда, адамның баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшу арқылы («электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге шақырамыз.
Мәселен, 2017 жылдың 1 жарты¬жыл¬дығында облысымызда электронды түрде көр¬сетілген қызметтер саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысындағы 27 орталық, 25 жергілікті атқарушы органдармен 387 мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қыз¬меттер Тізіліміне сәйкес, Қызылорда об¬лы¬сы¬ның мемлекеттік органдарымен 387 қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде жер¬гілікті атқарушы органдармен – 189, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен 181, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдармен – 14, мем¬лекеттік үлесі бар акционерлік қоғамымен 3 қызмет түрі көрсетіледі.
Облыстың орталық және жергілікті ат¬қарушы органдарымен 2017 жылдың 1 жар¬ты¬жылдығында 1946029 (2016 жылдың 1 жартыжылдығында 1 984 029) қызмет көрсетілген.
Оның ішінде, 27 аумақтық мемлекеттік органдарымен барлығы 198 қызмет түрі бойынша 600458 қызмет көрсетілсе, 25 жергілікті атқарушы органдарымен 189 қызмет түрі бойынша 1345571 қызмет көрсетілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың тағы бір тиімді құралы – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын сыртқы және ішкі бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапа¬сына сыртқы бақылауды Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент¬тігі және оның аумақтық департаменттері жүр¬гізеді.
Сыртқы бақылау аясында Департаментпен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 8 ме쬬¬лекеттік органда ішінара тексеру, 16 мем¬лекеттік органда жоспардан тыс тескеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен, мемлекеттік көр¬се¬тілетін қызметтер саласындағы Заң және стандарт талаптары бұзылған.
Яғни, қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1721, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталынбауы – 14, қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету – 379, кем құжаттар бола тұра қызмет көрсету – 179, қызметті көрсетуден негіссіз бас тарту – 2.
Аталған «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы және стандарт талаптарының бұзылуына жол берген 20 жауапты қыз¬мет¬керлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Оның, «4 сөгіс», «16 ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар.
Сондай-ақ, 2 лауазымды тұлғаға қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылып, әр хаттама бойынша сот шешімімен 50 АЕК есебінде айыппұл салынды.
Осы орайда, көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет іс¬тері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент¬тігінің Қызылорда облысы бойынша депар¬таментіне хабарласуды сұ¬раймыз.
Байланыс телефондарымыз: 8(7242)70-56-36, 70-00-40 немесе Бірыңғай байланыс ортବлығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
Марал БАЙҚУАТОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы.