
Өткен аптаның сенбі күні жергілікті «Қайсар» командасы «Ақтөбеде» қонақта болды. 21-тур аясындағы ойында қос ұжым өзара ұпай бөлісті.
Еліміздің бірнеше дүркін чемпионымен кездескен «Қайсар» алаңда тосылған жоқ. Бірін¬ші таймдағы басымдық қызылордалық ұжымда болды десек те артық емес. Үстін-үстін шабуылдар жасалды. Дегенмен, қарсыластың қорғанысын бұза алмай, шабуыл аяқсыз қалып жатты. Тек он сегізінші минутта ғана есеп ашылды. Қорғаушы Банколе Камара орталық алаңнан алдыңғы шепке ойысып, «Қайсарға» жақында ауысқан Тоқтар Жанқылышбаймен пас алмаса отырып қақпашыны қапы қалдырды. Жүйелі тактика жемісін берді. Қорғаушы Камараның шаб-уыл өтіндегі шеберлігі шынымен де қол соғарлықтай.
Екінші таймды да біздің футболшылар тәуір бастады. Гол соғатын бірнеше мүмкіндік те болды. Дегенмен, ойын соңына қарай қарсылас команданың шабуылы үдеп, ойын есебін теңестіріп кетті. «Қайсар» қақпашысының қолынан кейін серпілген допты «Ақтөбе» ойыншысы Марко Обрадович сәтті пайдаланды. Есеп – 1:1.
Батыс өңірінде өткен ойыннан бір ұпай еншілеген «Қайсар» командасы сол баяғы алтыншы орыннан әлі тапжылған жоқ. Маусымды сәтті бастағанымен, кейінгі сылбыр ойындары турнир кестесіндегі жағ¬дайларын қиындатты. Қатарынан бірнеше ойын¬дағы жеңілістен кейін 20-турда Атырауды өз алаңында қабылдап, жан¬күйерлерді қуантқан еді. Дегенмен, соңғы айналымдардан кейін клубтар тізіміндегі ұпайларда айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Қызылордалық клубты өкшелей жеткен «Шахтер» мен «Тараз» коман¬даларының ұпайлары теңесті. Үшеуінде де – 24. Сондай-ақ, төртінші, бе¬сінші орынға жайғасқан «Тобол» мен «Ертіс» те 31 ұпайдан еншілеп отыр. Олардың кестедегі орнын тек гол айырмашылығы ғана анықталып отыр. Ал үздік үштіктегі «Ордабасы» өзінен кейінгі топтан 10 ұпаймен озық тұрса, алдыңғы орындар әдеттегідей «Астана» мен «Қайратқа» тиесілі. Енді апта соңында премьер-ли¬га¬ның 22-тур ойындары өтеді. Ал «Қайсарға» бірінші алтылықтағы орнын сақтап қалу үшін «Оқжетпеспен» өтетін кездесуде тек жеңіске жетуі қажет.