Әлем чемпионатында қызылордалықтар 6 жүлдеге қол жеткізді

Астана қаласында белбеу күресінен ерлер және әйелдер арасында өткен XV Әлем чемпионатында қызылордалық спортшылар 6 жүлдені (2 күміс, 4 қола) иеленді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтем жасап. 
Белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов жетекшілік жасаған  жерлестеріміз намысты қолдан бермей лайықты өнер көрсетті.
Дүбірлі бәсекеге облыстан 8 спортшы қатысып, оның 6 жүлдемен оралды.  Атап айтсақ, 62 келі салмақта Райымбек Рантаев  пен 80 келіден жоғары салмақта  сынға түскен Меруерт Абубакир күміс жүлдені еншіледі.
Ал Рахат Советов (57 келі), Нилуфар Абилова (63 келі), Нұрлыбек Алдабергенов (68 келі) және Мереке Құдайбергеновалар (71 келі) қола жүлдеге ие болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 шілде 2017 г. 748 0