
Бангкок (Тайланд) қаласында грек-рим күресінен2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада жерлесіміз Рахат Сағымбай 63 келі салмақта Азия чемпионы атанып, қазақ елінің туын көкте желбіретіп, Әнұранын шырқатты.
Р.Сағымбай 2000 жылы 25 қаңтарда Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Он жасынан бастап грек-рим күресімен шұғылданады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы, Түркияда және Грузияда өткен Гран-при турнирлердің жеңімпазы атанды.
Бапкері: Ғанибек Нысан.
Рахат енді үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Грекияның Афина қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады. Онымен бірге облысымыздан Еламан Аюп пен Ғалымбек Нұрғали да бақ сынасады.
Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!