Сырдарияның қала аумағында 8 қауіпті тұсы бар

Сырдарияның қала аумағында 8 қауіпті тұсы бар Қызылорда қаласы әкімдігінде тиісті сала мамандарының қатысуымен қыс-көктем мезгілдерінде Сырдария өзеніндегі су тасу қауіпінен қала халқы мен аумағын қорғау және алдын алу мақсатында қалалық командалық-штабтың оқу-жаттығу шарасы өткізілді. 
Сала мамандарының айтуына қарағанда биылғы жылы дариядағы су қауіп тудырып тұрған жоқ.  Дегенмен, «cақтық¬та қорлық жоқ», Сырдария өзенін бойлай тұрғызылған қорғаныс бөгеттерінің жалпы жағдайын қатаң бақылауда ұстау керек. Жалпы 24 қабылдау және жинақтау пункті жұмыс жасауда. Сондай-ақ, өзеннің қауіпті деген тұстары толықтай бақылауға алынған. Апаттың айтып келмей¬тінін білетін Сыр елі дайындық үстінде. Жалпы қала аумағындағы Сырдария өзенінің бойында 8 қауіпті аймақ бар. Оның барлығын қадағалау 17 мекемеге бекітіліп берілген. Оларда  100-ге тарта техника сақадай сай тұр. Сонымен қатар, №101 орта мектепте су тасқыны салдарынан қауіп туындаған жағдайда көмек көрсететін  мектеп ішінде 6 түрлі кабинет ұйымдастырылған. Атап айтқанда, медициналық пункт, ана мен бала кабинеті, қоғамдық тәртіп сақтау кабинеті, күту залы, асхана орны дайындық сапына қойылған.
 


 

Сырдарияның қала аумағында 8 қауіпті тұсы бар

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2014 г. 1 097 0