«Қайсар» үшінші оқу-жаттығу жиынына аттанды

  Қызылорданың «Қайсары» Түркияға үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін аттанып кетті. Оқу-жаттығу жиыны 26 қаңтар-9 ақпан аралағында болады.
 Бас бапкер Дмитрий Огай жетекшілік жасайтын команда дайындық барысында 4 жолдастық кездесу өткізу жоспарлаған. Мәселен, 29 қаңтарда Оңтүстік Кореяның командасымен кездессе, 1 ақпанда Украинаның Ужгород қаласының «Говерла» клубымен шеберлік байқасады. Әзірге 5 және 8 ақпан күндері қай ұжымдар ойнайтыны белгісіз. «Қайсар» биылғы дайындық барысында еліміздегі ең белсенді команданың біріне айналып отыр. Олар бұған едйін екі оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, онда барлығы 8 жолдастық кездесу өткізді. 
Сондай-ақ, команданың бапкерлер құрамы сенімдерінен шыққан футболшылармен келісім-шарт жасай бастады. Біз бұдан бұрын словениялық футболшы Матиц Марушконың биылғы біріншілікте «Қайсардың» жейдесін киетінін хабарлаған едік. Енді оның қатарына қазақстандық Кирилл Шестаков пен біздің команданың былтырғы сұрмергені Жасұлан Молдақаарев қосылды.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2014 г. 1 088 0