ВВС журналистері қанша ақша табады?

Британиялық ВВС хабар тарату корпорарциясы жетекші журналистердің жалақысы мен қаламақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ең көп қаламақыны Top Gear тележүргізушісі Крис Эванс пен футбол комментаторы Гари Линекер алады екен. Олар өткен жылы тиісінше 3 және 2 млн фунт табыс тапқан. Десек те, олардың жалақысы коммерциялық телеарналарда істейтін әріптестерінің айлығынан әлдеқайда төмен.

Top Gear бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, радиодиджей Крис Эванс –2,2 млн фунт шамасында

Спорт шолушысы Гари Линекер – 2 млн фунт шамасында

BBC1 арнасында теле-шоу жүргізушісі Грэм Нортон – 850 мың фунт

BBC1 телеарнасының кешкі жаңалықтар жүргізушісі Хью Эдвардс – 550 мың фунт

Теле және радиобағдарламалар жүргізушісі Джереми Вайн – 750 мың фунт

Жексенбі сайын шығатын саяси телебағдарламаның жүргізушісі Эндрю Марр – 500 мың фунт

BBC1 телеарнасының кешкі жаңалықтар жүргізушісі Фиона Брюс –350-400 мың фунт

«Жұлдыздармен би» телебағдарламасының жүргізушісі Клаудия Уинклман –450-500 мың фунт

Жаңалықтар мен деректі бағдарламалардың жүргізушісі Джордж Алагайя –250-300 мың фунт

Тізімдегі 96 қызметкердің барлығы жылына 150 мың фунттан астам пайда табады. Барлығының жалақысы мен қаламақысын қосқанда 30 млн фунттан асады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 шілде 2017 г. 634 0