Қазалыда жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

Қазалыда жас кәсіпкерлер көбейіп келеді Қазалы. Ауданда жастардың кәсіп ашуға құлшынысы артып келеді. Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдармасы бойынша жұмыссыз жүрген 30-дан астам жастар несие алып, кәсібін ашты. 
 Солардың бірі Әйтеке би кентінің тұрғыны - Руслан Сугуров.
«Колледж біргеннен кейін сенделіп біраз бос жүрдім. Жұмыстың көзі болмады. Анаммен ақылдасып, кәсіп жасауды ұйғардым. Сөйтіп, несие арқылы қажетті құрал-жабдықтар алып, жарнама агеттігін аштым»,- дейді жас кәсіпкер.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде «САМАРА» атты жарнама агенттігіне барушылар көп. Онда түрлі плакаттар шығарылып, дизайн жасалады.
 

Қазалыда жас кәсіпкерлер көбейіп келеді

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2014 г. 936 0